ШҰҒЫЛ! Төр – мұғалімдікі Толығырақ

Үй болу қиын

14:13, 5 желтоқсан 2019

Некеге тұрушылар саны артып келеді. Алайда, сонымен бірге ажырасатындар да көбейген. Бұрын ауылды жерлерде мұндай жайт сирек болса, қазір жағдай бөлек. Мәселен, бір ғана Ұлан ауданында қарашада 4 неке қиылып, басқа жеті отбасы екі жаққа кетті. Мамандар бұл проблеманың жай-жапсарын зерделеп көріпті. Қалалық Сотқа қарасты «Бақытты отбасы» ресурстық орталығы баспасөз брифингін өткізді. Онда осы және өзге де мәселе айтылды. Облыста 10 айда ажырасу көрсеткіші 10,5 пайызға азайды. Жаман емес дерсіз. Алайда, мамандар сандардың кез-келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтып дабыл қағуда. Отбасы, ұрыс-керіс, ажырасу. Бір қарағанда байланыспайтын үш ұғым – екі жастың, одан қалса, ортадағы баланың өмірін түбегейлі өзгертуде. Бала мектепке бармастан бұрын, даярлық тобында оқиды ғой. Дәл солай, жас жұбайларға да отбасы туралы білім алу керек немесе бұл шешімді саналы түрде қабылдау қажет. Мамандардың айтары осы. Алайда, екі жасқа да байланысты емес, өзге де факторлар бар. Мәселен, ата-ананың жастар тірлігіне араласуы. Кейде ол да ажырасуға итермелейтін себепке айналады. Сондықтан, ақылдың да өз жөні бар, - дейді құзырлы бөлім өкілі. Сандарға келсек, көрсеткіш былай. Ажырасу деңгейі әр жылда әрқалай болғанымен, орташа алғанда үйленгендердің 30-35 пайызын құрайды. 2018 жылы  9423 неке қиылып, 4622 шаңырақ шайқалған. Демек, он отбасы құрылса, өзге 4-5 жанұя екіге бөлінген. Ажырасуға өтініш білдірген отбасыларды сақтап қалу мақсатында ел бойынша бірнеше «Бақытты отбасы» психологиялық кабинеті ашылды. Соның бірінде Нәзигүл Тәубәқұлова жұмыс істейді. Психологтың айтуынша, бұрындары отбасына алаңдайтын әйелдер көп болса, қазір керісінше.  Негізгі себеп қандай дейсіз ғой? Мамандар оған  келіспеушіліктерді, ер адамдардың жұмыссыз қалуын, я, ішімдікке салынып кетуін, ойын-құмарлық сынды жаман әдеттерді жатқызады. Десе де, бір жақты ғана кінәлау дұрыс емес. Босағаның берік болуына екі тарап та жауапты. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар