ШҰҒЫЛ! МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНАДЫ Толығырақ

ТЖД - 25 жыл

13:40, 19 мамыр 2020

Биыл Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі   мемлекеттік Комитетінің құрылғанына 25 жыл. Ширек ғасырға жуық уақыт бойы өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, дәрігерлер мен ұшқыштар, психологтар пен кинологтар төтенше жағдай кезінде өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. Өрт сөндіріп, көптеген құтқару операцияларын жүзеге асырады. Бүгінгі күннің қаһармандары туралы әріптесім толығырақ баяндайды. 2011 - 2019 жылдар аралығында құтқарушылар төтенше жағдайлар мен өрт сөндіру кезінде 58 мыңнан астам  шұғыл әрекет жасап, міндеттерін атқарды. Мамандардың қырағылық пен кәсіби шеберлік танытуларының  арқасында 10 мыңнан астам адам өміріне төнген қауіп сейілді. Бұл қираған гараждар техногендік апат жағдайларын еске түсіреді. Қираған ауыр материалдардың астында адамдар қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда уақыт өткізбей, дереу іздестіру және құтқару жұмыстарын іске қосуға тура келеді. Бұл үшін арнайы үйретілген иттер үйінді қоқыс арасында қалып қойған  адамдарды іздеп табуға кіріседі.   25 жыл бойы елге қызмет етіп келе жатқан  Төтенше жағдай саласының қызметкерлері жанқиярлық еңбектерімен ел қауіпсіздігін нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Азаматтық қорғаныс саласының мамандары  күн-түн демей, қызмет етеді.  Әдетте ойламаған жерде тап беретін қауіптерден азаматтарды құтқаруға әрдайым   дайын.  Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, бейбіт күнде де ұлт саулығы жолында еңбек ететін сақшылар.  Құтқарушы  міндеті ауыр, көпшілік алдында  жауапты қызмет.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар