ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Тыныштық режимі

14:59, 14 мамыр 2020

Қазақстанда тыныштық режимінің уақыты өзгереді. Бұрын тұрғындар тыныштықты түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ға дейін сақтаулары қажет болатын. Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова Қазақстан Республикасы Конституциясының 14 - бабының заң мен сот алдында баршаның теңдігі туралы талаптарын сақтау үшін барлық адамдар үшін тыныштық режимін сақтаудың бірыңғай уақыты белгіленгені дұрыс деп санайды. Бұл дегеніңіз жұмыс күндері - 22.00 - ден 09.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері - 23.00-ден 10.00-ге дейін. Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодексте жазылған норманы Мәжілісте мақұлдады. Естеріңізге сала кетейік, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 437 бабы Жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын бизнес субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін 10 , орта бизнес субъектілері үшін 15, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 50 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл салуды көздейді. Жыл ішінде қайталанған тәртіп бұзушылық кезінде айыппұл мөлшері екі есеге артады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар