ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ ЕНГІЗІЛГЕН ШАРУАШЫЛЫҚ

13:40, 16 қазан 2020

Глубокое ауданының фермерлері бизнесті жүргізудің заманауи тәсілдерін енгізуде. Жақында Малоубинка ауылында жарықтандырылған элеватор пайда болады. Бұл тың идеяны жергілікті ауыл шаруашылығы қызметкерлері Солтүстік Қазақстандағы әріптестерінен көріп – білген. Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларының бірінде «агроөнеркәсіп кешенін инновациялық рельске көшіруді қамтамасыз ету маңызды. Бұл біздің дәстүрлі саламыз және бұл жерде бізде артықшылықтар бар. Әлемде азық-түлікке деген сұраныс өсе беретін болады. Бұл секторға үлкен инвестициялар құйылады, сондықтан жерде жұмыс істеп жатқан қазіргі фермерлер ауа райының жағдайларына байланысты келетін болар-болмас жетістіктерге тоқмейілсімей, өндірістің өсуі жолында қызмет істеулері тиіс» - деп атап өткен болатын. Глубокое ауданындағы шаруашылықтардың бірі Елбасы сөзін негізге ала отырып, өз жұмыстарын ілгерілету мақсатында тың технологияларды қолданып келеді. Малоубинка ауылындағы шаруа қожалығы жыл сайын су жаңа техникалармен толықтырылуда. Шыққан шығынның кірісі де жаман емес. Бір күнде - бір жылдық азық береді, - дейді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер.  Сондықтан олар шаруашылықты түгелдей жабдықтармен қамтамасыз етуге тырысады. Техника алуға келгене ақшаларын аямайды.

"Убинка XXI" шаруа қожалығының басшысы Серікбек Садықов шаруашылығына қондырғылар, машиналар мен құралдардың жаңа түрі келгенде ерекше қуанады. Әр маусымда фермер 2-3 техника сатып алуға тырысады. Қазір "Убинка XXI" ЖШС балансында шетелдік өндірістің 4 комбайны, 10 трактор, 1 бүріккіш және тіркеме жабдығы бар. Олардың көмегімен фермерлер өз жұмыстарын әлдеқайда тиімді атқаруда, - дейді Серікбек Садықов. Өсімдік шаруашылығы үшін танап алаңы — 5 мың гектарға жуық. Мұнда бидай, арпа, рапс, күнбағыс және қарақұмық өсіріледі. Аграрийлердің алда үлкен жоспарлары бар. Соның бірі шетелдік серіктестермен бірге құны 1 млрд теңге болатын элеватор құрылысы бойынша инвестжобаны іске асыру. Фермер ескі қойманы бұзып, оның орнына зертханасы бар екі қабатты әкімшілік ғимарат салуды жоспарлауда. Сонымен қатар, астық кептіргішті салғаннан кейін фермерлер жүгері өсірумен айналыспақ. Биыл мұнда ірі қара өсіріле бастады: 120 бас "қазақтың ақбас" тұқымды ІҚМ және 60 бұзау сатып алынды. Серікбек Садықов атап өткендей, егер бәрі жоспар бойынша іске асса, онда "Убинка 21" сүт кешеніне айналып, тұрғындарға қуаныш сыйламақ.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар