ШҰҒЫЛ! ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР Толығырақ

ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ

14:35, 10 тамыз 2018

Ұлан ауданында туристерге арналған кемпинг ашылды. Жаңа туристік нысанды салу үшін Өскемен қаласынан шыққан жас отбасы шағын және орта бизнесті несиелеу жөніндегі мемлекеттік қолдауға ие болып отыр.

Шығыс Қазақстан туризмі күн санап өсіп келеді. Сүйікті демалыс орнына айналған Дубығалы көлінде немесе халық арасында Окуньки атанып кеткен мекенде кемпинг-отель ашылды. Қонақ үй иелерінің айтуынша, туристердің жайы үшін бұл жерге қосымша 70 орындық банкет залы арнайы тұрғызылды.

НАЗЫМ СЕЙІТҚАЗИНА,  КӘСІПКЕР:

«Бұл жерде енді, көбінде, алыстан келіп кісілер дем алады. Россиядан келеді, одан Павлодар, Астана қаласынан, Алматы қаласынан, Курчатов, Риддерден келеді. Семей жақтан кісілер көп келеді. Сондықтан бұлар біз тамақтанатын жер болса дегеннен кейін, бұл кемпинг-отельден кейін осы кафені қосып салдық. Биыл, 2018 жылы осы кафеміз қосылып, тәубә, көп балалы-шағалы кісілер бұл жерде көп болады».

Майра Сырбаева Семей қаласынан келді. Ол Дубығалы көліне алғаш демалуға келген. Тамсандырар табиғаты мен шипалы суынан бөлек, қонақтың назарын кемпинг-отель интерьері аударған. Айта кету керек, нысанның екі жағынан да көлдің тамаша көрінісі ашылатын орындар жасалған.

МАЙРА СЫРБАЕВА, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Бүгінгі таңда бұл көлде абаттандырылған, заманауи база орналасқан. Қолжетімді ақшаға жақсы қызмет пен жақсы нөмірлер алуға болады. Бұл жағажайда мұндайды сирек кездестіруге болады. Олар көбірек қонақ қарсы алу үшін өздерінің нөмірлік қорларын өсіріп, дамый түседі деп ойлаймын».

Кемпингтің салтанатты ашылуына келген аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов болашақта ауданның туристік базалары еуропалық стандарттарға көшетінін айтып өтті.

 

НҰРЫМБЕТ САҚТАҒАНОВ, АУДАН ӘКІМІ:

«Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында біздің облысымызда да, Шығыс Қазақстан «Інжу маржаны» бағдарламасы іске асырылуда. Осы бағдарлама аясында біз Сібе өзендерінің, сондай-ақ Абылайкет, Ақбауыр жобалары, мына Окуньки, Шыбындыкөл көлдері жағаларында осы туризм кешендерін дамыту бойынша іс-шараларды дайындап, өткізуді бастап отырмыз».

Жаңа қонақ үй иелері туристердің демалыс жайы үшін келесі жылы жағажайды абаттандырмақ.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
18:09, 17 қазан 2018
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар