ШҰҒЫЛ! Жүйелі ақпарат заманы Толығырақ

Туризмнің болашағы

14:14, 1 қараша 2019

Катонқарағай ауданы қалталы туристерді қабылдамақ. Қазір демалуға қомақты қаражат жұмсауға әзір саяхатшылардың көңілінен шығарлық стратегияны әзірлеу үстінде. Басты мақсат – шетелдегідей, демалысқа көп қаржы жұмсайтын туристерді тарту. Қарапайым азаматтарға Шығыс Қазақстан жауһарында демалу қаншалықты қолжетімді бола түседі? Әріптесім анықтап көрді. Катонқарағай ауданын екінші Швейцария деп те атайды. Өйткені, бұл өлкенің табиғаты ең кербез демалушыны да бейжай қалдырмайды. Енді бұл жерде демалу «вип-туристерге» ғана ыңғайлы болып кетуі ықтимал. Аудан басшылығы қалталы туристерді қабылдамастан бұрын, ауыл-аймақтарды тазалап алуды жөн деп санайды. Елді-мекендерден арнайы орын бөліп, қоқыс контейнерлерін орнатады. Жол бойындағы дәретханалар мәселесін де ыңғайлауды жоспарға бекіткен. Осылайша, қарапайым дәретханаларды алып тастап, орнына жып-жылысын қояды. Бұған кететін қаржы дайын тұр. Жұмыс басталғанда суы жаңа нысандар Үлкен Нарын, Согорное және Катонқарағай ауылдарынан ойып тұрып орын алады. Аудан әкімі Ренат Құрмамбаевтың айтуынша, жергілікті халық шағымданатын «ыңғайсыз» жолдарға келушілер мән бермейді де. Катонқарағай әкімдігі ақшасы санаулы туристер үшін қонақ үйлерді дамытпақ. Жергілікті халықты қонақүй бизнесіне бейімдеу үшін Қырғызстан мен моңғолиялық мамандарды алдыртыпты. Десе де, туристер ағынының көп болуы аудан табиғатына кері әсерін тигізуі мүмкін дейді әкім. Ренат Құрмамбаевтың сөзінше, ауданнан шыққан бақуатты азаматтар өзара ақылдасып, «Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы» атты қоғамдық қорын ашқан. Жыл сайын меценаттар қазынаны толтырып, туған өлкелерін жақсартпақ. 10 жылда 500 млн. теңге жинауды көздейді. Ал, қазір Шығыс жауһарын цифрлауда. Бұл интернет қолданушылардың Катонқарағай жайлы ақпарат жинауына мүмкіндік береді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар