ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

13:40, 30 сәуір 2019

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ішкі туризмді дамыту бойынша халықаралық олимпиада өтті. Республика аймақтарында имидж жасау, туристік бағыттарды жарнамалау туралы инновациялық және кешенді жобаларды талқылауға ғалымдар, студенттер мен туроператорлар қатысты. Байқауға түскен үздік жұмыстар іріктелді. Шығыс Қазақстан өзінің киелі жерлерімен, табиғаты әсем туристік орындарымен бай. Жыл сайын өңірге 1,5 миллион адам келеді. Елге шет мемлекеттердің қызығушылығы өте зор. Германия, Ресей, Моңғолия және Қазақстаннан қатысушылардың жобалары ішкі туризмді дамытуға бағытталған. Олимпиададан үздік деп танылған жұмыстар іріктелініп алынды. Қатысушылардың айтуынша, өңірде ішкі туризмді дамыту қосымша материалдық ресурстарды тартуға ғана емес, аймақ имиджін қалыптастыруға да мүмкіндік береді. Болашақта халықаралық олимпиадаға шетелдерден қатысушылар саны артпақ. Келесі жылы Балтық жағалауы елдері қатысады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар