ШҰҒЫЛ! КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

15:59, 21 маусым 2018

Өңірде туризмді дамытуға бағытталған түрлі бағдарламалар аясында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі – Алакөл жағалауын туристерге жайлы әрі қауіпсіз болатындай етіп абаттандыру. Жыл өткен сайын Алакөлдің қызығын көрушілер саны артып, жағажай жаңа сипатқа енді.

Үржар мәдени-тарихи мұраға бай ауданның бірі. Шипалы Алакөлдің өзі бұған дейін туристерді таң қалдырумен келсе, бүгінгі күні оның көрінісі одапн да ажарлана түскен. Мұнда 200-ге  жуық туристік инфрақұрылым нысандары халыққа қызмет көрсетеді. Қонақ үйлер мен шипажайлар, демалыс орындарының қатары артқан.  Туристерді тарту мақсатында жаңа демалыс базалары және теміржол вокзалы ашылды. Аймақ басшысы Даниал Ахметов өткен жылы республикалық бюджеттен Алакөл жағалауын абаттандыруға, қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге қомақты қаржы бөлінгенін айтты. Алакөлді туристердің сүйікті демалыс орнына айналдыру үшін барлық жағдай жасалады, - деді. 

ДАНИАЛ АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Біз өзге деңгейдегі бизнес жобаларын жүзеге асыру үшін жасыл аумақты жерді беруді уақытша тоқтаттық. Әрбір жер аумағы нақты мақсатты бағдарламасы бар кәсіпкерлерге беріледі. Өйткені, туристерден сұраныс жоғары. Шетелдердегідей сервис болса екен дейді. Сондықтан  ондай талаптарға жауап беретін кәсіпкер де сауатты  болуы керек. Алакөл емдік қасиетімен әйгілі, келушілер бір жағы емделіп, бір жағы демалады».

Облыс әкімі Даниал Ахметов Қазақстанның  інжу-маржаны атанған Алакөл өзеніне жыл өткен сайын келетін туристер қатары артуда, - деді.

ДАНИАЛ АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Алакөл болашақта еліміздегі ең көрікті туристік базаларының біріне айналады. Қолда бар мәлімет бойынша өткен жылы 450 мыңға жуық турист келген. Биыл одан да көп болады. Алдағы жылдары  туристердің қатары екі-үш есеге артады».

Логистика мәселесі де назардан тыс қалмады. Өскемен  мен Семейден Алакөл бағытында поезд жүреді. Билет құны - 2800 теңге. Бұл халыққа тиімді.

САЛТАНАТ КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар