ШҰҒЫЛ! ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР Толығырақ

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

14:52, 21 мамыр 2018

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Үржар ауданында болып қайтты. Соңғы жылдары Алакөлде демалушыларға бар жағдай жасалуда.

Қабанбай ауылында тозығы жеткен мәдениет Үйі қайта жаңартылып жатыр. Аймақ басшысы құрылыс алаңында болып, жұмыс барысын бақылады. Мәдениет үйіндегі жөндеу жұмыстары желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, аталмыш ғимаратта туристік мұражай ашылмақ. Аудан әкімі Серік Зайнулдин көл маңында жүргізіліп жатқан өзге де шаруалар жөнінде баяндады.

СЕРІК ЗАЙНУЛДИН, ҮРЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Сіздің тапсырмаңыз бойынша туристерге арналған ақпараттық орталықтың жұмыстары аяқталды. Қызмет қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде көрсетіледі». 

Аудан әкімі туристік аймақта кәсіп дөңгелетіп, несібелерін тауып отырған кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қаржылай көмек туралы да айтты. Өңір басшысы Даниал Ахметовті туристердің қауіпсіздігі алаңдатады. Жергілікті уәкілетті органдар 11 нысанды ғана тексеруді жоспарлап отыр екен.

ДАНИАЛ АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Нәтиже шығарыңыздар. Он бір нысанды тексердік екен деп, жайбарақат отыра бермеңіздер. Бұл аз. Бізге ең бастысы - адамдардың қауіпсіздігі. Қыста болған өрт осыған дәлел».

Аймақ басшысы жуық арада Алакөл жағалауына тегін wi-fi орнату керектігін айтты. Айта кету керек, көл маңынан жер алып, демалыс базасын ашамын деушілер туристер үйін халықаралық стандарт бойынша салуға тиіс.

АРНҰР ШӘКЕРХАНОВ

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
18:09, 17 қазан 2018
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар