ШҰҒЫЛ! Қалаға шығу және кіру шектелді Толығырақ

Туризм тұралады

16:19, 20 наурыз 2020

Өскеменнің туристік операторлары клиенттерге жолдама үшін төлеген қаражаттарын қайтара алмауда. Елде төтенше жағдай жариялануына байланысты туристік фирма иелерінің айтуынша табыстары азайып, шығын мөлшері көбейген. Қазіргі кезде олар кәсіпкерлер палатасынан форс-мажор туралы тегін сертификаттарды алу үшін құжаттар жинауда.

Мария Русина туристік фирманың иесі. Нарықта жұмыс істеп келе жатқанына 18 жыл. Қазір оның кәсібі шығынға ұшырауда. Елуден астам клиенттері жолдамаға төлеген ақшаларын қайтарып беруді талап етуде. Туристік фирма өкілдері қазір туристерге алдын ала төлеп қойған  ақшаларын кері қайтармай саяхаттарын жаз уақытына, жаңа жылға немесе басқа уақытқа шегеруді ұсынуда. Туристік операторлардың сөзіне сенсек, бұл ең дұрыс шешім болмақ. Себебі, басым көпшілігі ақшаларын қайтарып алам деп бағам айырмасына байланысты қаражаттарынан ұтылып қалуы мүмкін. Туристік фирманың қызметкерлерінің айтуынша азаматтар ақшаларын белгіленген кестедегі тізім бойынша 15 сәуірден кейін қайтарып ала алады.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
22:07, 3 сәуір 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
16:14, 31 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
14:15, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...