ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

ТУРИЗМ ДАМУЫ

13:10, 10 шілде 2018

Жаз - демалыстың нағыз қызған шағы. Қазақстандықтар, сонымен бірге көршілес елдерден ат арытып жеткен туристер - Алакөл жағалауында. Шетел асып, алысқа барғанша, шипалы көлде денсаулық түзеуді таңдапты. Демалушыларға барынша жайлы жағдай жасалған. Жағажайлар абаттандырылып, ел танымастай өзгерген. Аймақ басшысы Даниал Ахметов Үржар ауданындағы жұмыс сапарында келбеті келісті болған қасиетті су жағалауын көрді.

Шығыс Қазақстанның інжу-маржаны - Алакөл алдағы уақытта шетелдік курорттармен теңесетін дәрежеге жетеді. Алакөлдің жағалауы жылдан-жылға көркейіп келеді. Демалып, денсаулығын түзетемін деген туристердің көзқуанышына айналған. Бұл жерде шағын архитектуралық нысандар, ыңғайлы шезлонгтар және тағы басқа объектілер қатары әлі де көбеймек.  Соңғы төрт жылда абаттандырылуына қомақты қаржы жұмсалды.  Жағажай маңайында «Алакөл» саябағы бар. Ал,  Қабанбай ауылында мәдениет үйінің ашылуы жоспарланды.

ДАНИАЛ АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Осы жылдың ішінде ... халық келіп жүр».

Үржарға Өскемен, Семей, Алматы мен Астана қалаларынан авиациялық бағыттар ашылды. Облыс әкімі Даниал Ахметов темір жол бағыттарын да көбейту керек деді. Алакөлдегі бизнестен салық төлеу қажеттігі ескертілді.

 

ДАНИАЛ АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Кәсіпкерлер  халқ алдында ...  Жасыл паркті кеңейтеміз».

Жұмыс сапарында өңір басшысы Даниал Ахметов «Менің мектебім» бағдарламасымен Қаратал ауылындағы мектепте жаңартылып жатқан кабинеттерді көрді. Сонымен бірге Мақаншы ауылында 320 орынға шақталған мектеп құрылысымен танысты.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар