ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

13:25, 11 шілде 2018

Қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету - басты мәселе. Халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда «Нұрлы жер» бағдарламасының мән-маңызы зор. Өскеменде күн санап қарқын алған құрылыс алаңдары соның айқын дәлелі. Жақсартылған баспана кезегінде тұрған азаматтар саны ешқашан кеміген емес. Сол қатарда еңбекке енді араласқан жастар көп.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы көктемде «Бес әлеуметтік бастама» туралы жаңа бағдарламаны халық назарына ұсынды. Соның бірі - «7-20-25». Міндетті бағдарлама жастардың баспаналы болуына мүмкіндік береді. Облыс орталығында «Нұрлы жол» аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

МӘДИЯР АБЫЛХАНОВ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ ӨНДІРІСТІК– ТЕХНИКАЛЫҚ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

«Бүгінгі таңда 19-шы  шағын ауданда 117.467 шаршы метрлік 16 қабатты үй тұрғызылып жатыр». 

Ал Есенберлин көшесіндегі құрылысшылар жұмысқа таңсәріден кіріседі.  Бұнда 72 пәтерлік тұрғын үй «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бой көтеріп келеді. Қазір бесінші қабаттың кірпіші қалануда.

ЛАУРА РАМАЗАНОВА, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ АССИСТЕНТІ:

«Бұл - 72 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысы. 18 -і бір бөлмелі болса, екі бөлмелісі 36 пәтер болады. Ал үш бөлмелі пәтер саны 18 болады. Барлығы - 12 мың шаршы метр».

2018 жылы Өскеменде аумағы 77 мың шаршы метр 9 көпқабатты үй пайдалануға беріледі. Қоныстанушылар саны 100-ден асады.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар