Тұңғыш әскери ұшқыш Жақыпбек Малдыбаевтың ескерткіші керек

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртуда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс

20:50, 18 мамыр 2017   73

Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі керек» деп жазды. Осы орайда Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында қазақтан шыққан тұңғыш әскери ұшқыш, жерлесіміз Жақыпбек Малдыбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай өткізілген еске алу кешінің маңыздылығын айтпасқа болмас.

Көк жүзінде тұңғыш рет із кесіп, халқымыздың арманы мен асқар таудай тілегін асуларға алып ұшқан қыран Жақыпбек Малдыбаевты еске алу кешінде туған жер тарихына қызығушылық танытқан жастар, тарихшылар мен оқырмандар бас қосты. Жиналған қауымға журналист, жазушы Айтмұхамбет Қасымов, Оңдасын Елубай сынды жақыпбектанушылармен қатар кеш қонағы болған ұшқыштың немере інілері аталары жайлы естеліктерін айтып берді.

 

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24