ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗІРГІ АХУАЛ Толығырақ

ТҮНГІ РЕЙД

13:52, 27 қазан 2020

Өскеменде дүкендердің, ойын-сауық орындарының түнгі уақыттағы жұмысы тексерілді. Рейд барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Облыстың санитарлық дәрігерінің қаулысын елемеген кәсіпкерлер көп. Оған тұрғындардың түн   ортасына дейін емін-еркін сауық кештерін өткізулері дәлел. Есіктері тарс жабық тұрған мекемелердің сырты бүтін болғанымен, іші түтін. Облыстық полиция департаменті қызметкерлері мен арнайы мобильді топ өкілдері анықтаған заң бұзушылықтарға телеарнаның  түсірілім тобы да куә болды.  Кешкі сағат 10-да мобильді мониторингтік топ азық-түлік дүкендері мен шағын маркеттерді тексеруге шықты. Жаңа қаулы бойынша 22.00-ден кейін барлық мекемелер жұмысын тоқтатуы қажет. Бірақ бәрі бірдей бұл ережелерді сақтамайды немесе білмейді. Егер бұған дейін мобильдік топтар ақпараттандыру, түсіндіру жұмыстарын көбірек жүргізген болса, қазір нақты шаралар қабылдауға кіріскен. Жеке тұлғалар үшін айыппұл сомасы 83000 теңгені құраса, шағын бизнес үшін 230000 теңге шамасында. Бұл үш есеге көп. Облыстың санитарлық дәрігерінің 16 қазандағы қаулысында ойын-сауық орталықтары, азық-түлік дүкендері кешкі 10-ға дейін жұмыс істеуі керек деп тайға таңба басқандай жазылған. Айта кетейік, қазір басқа өңірлермен салыстырғанда Шығыс Қазақстандағы  эпидемиологиялық ахуал көңіл қуантарлық емес. Мониторинг топ облыс жұртшылығын санитарлық ережелерді сақтауға және коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын сақтауға шақырады.

Тақырып бойынша материалдар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...