ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ТУҒАН ЖЕРГЕ - ТАҒЗЫМ

14:15, 19 шілде 2019

 

Шығыс Қазақстанда осыдан бірнеше жыл бұрын басталған «Туған жерге - тағзым» акциясы одан әрі жалғасын тапқан. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік механизмдерін нығайту және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын ілгерілетуде бұл бастаманың ролі зор. Осыған үн қосқан үржарлықтар жеке қаражатына Науалы ауылында балабақша тұрғызды.Алақандай ауылдың бүгінде өз саябағы бар. Демалыс орны маңайы бұрын тақыр жер болатын. Қазір мұнда балалар алаңқайы, спорттық құрылғылар бар. Ауылдың кішкентай тұрғындары бос уақытты осында өткізеді.Жаңа демалыс орны жобасын сызу барысында тұрғындар қалауы ескеріліп, саябақты барынша ыңғайлы етілді.Үржар ауданындағы елдімекендерді абаттандыруға биыл 210 млн теңге  бөлінді. Төртінші дәрежедегі бюджеттен ауылдық округтерді дамытуға 110 млн теңге қарастырылды. 100 млн теңге аудан орталығы - Үржар ауылын көркейтуге жұмсалды. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік мекемелер Шығыс Қазақстан кәсіпкерлері өнімдерін сатып алады
13:46, 15 тамыз 2019
Мемлекеттік мекемелер Шығыс Қазақстан кәсіпкерлері өнімдерін...
Толығырақ...