«Туған жер» бағдарламасы - жалпы ұлттық патриотизмнің өзегіне айналып отыр

Туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті арттыру - Елбасы мақаласының ІІ бөліміне арқау болып отыр.

21:45, 19 сәуір 2017   59

Таяу жылдарда атқарылатын міндеттер қатарына туризмді дамытуды, бәсекеге қабілетті мәдениет орнатуды тапсырады. Бұған дәлел мақаланың мына жолдары: «Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқымыздың осы қастерлі мұраларына сүйенуге тиіс. Мәдени маңыздылығы тұрғысынан біздің Түркістан немесе Алтай — ұлттық немесе құрлықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құндылықтар. Заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет — мәдениеттің де бәсекелік қабілеті деген сөз». Бұны айта келе, Елбасы "АҚШ-тың «қырғи-қабақ соғыс» кезіндегі табысының қомақты бөлігі Голливудтың еншісінде" дейді. Осы ретте шығысқазақстандықтар облыстың көрікті орындарына туристерді тартуға болатынын және сол мұраны мақтаныш ететінін жеткізді.

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24