ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

ТУҒАН КҮНІҢМЕН, ТЕЛЕАРНА!

13:54, 15 наурыз 2019

1958 жылдың 16 наурызында алғаш хабар таратқан студия, осымен, 61 жыл бойы өз көрермендерімен бірге. Телеарна тоқтаусыз жанданып, жаңғырып келеді. Бүгінге дейін қаншама өнім эфирге шықты. Облыстық телеарнаның әлі де ұсынары көп. 61 жыл бойы өңір тынысынан көпшілікті хабардар етіп келе жатқан облыстық телеарна – киелі қара шаңырақ. Аймақтар арасында алғаш болып хабар таратқан Өскемен студиясында талай маман қызмет етті. Телеарна табалдырығын аттаған жас маман мұнда өз ісінің шебері болып шыға келеді. Себебі, олардың өсіп-өнуіне мұндағы тәжірибесі мол мамандар еңбек сіңіреді. Телеарнаның әрбір өнімі ортақ еңбектің арқасында жарыққа шығады. Ал жұмысты жүйелі ете білу басшылыққа байланысты екені рас. Облыстық «Altai» арнасының директорлық лауазымындағы Аида Жабағиеваны көзіқарақты көрермен жақсы таниды. 16 жыл бойы облыстық телеарнада тілші, шеф-редактор, кейін директордың орынбасары қызметінде болған Аида Тілеубайқызы облыстық телеарнаның дамуына бір кісідей ат салысқан білікті маман. Иә, облыстық телеарнаның тарихы тереңде жатыр. Телеарна ұжымы ең әуелі адал көрермендеріне алғыс айтады. Себебі, эфирге шыққан әр өнімнің бағасын беретін де, қолдайтын да – Сіздер!

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
15:25, 20 наурыз 2019
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
Толығырақ...