ШҰҒЫЛ! ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР Толығырақ

ТРИАТЛОН ЖАРЫСЫ

10:23, 13 қыркүйек 2018

Өскемен қаласының Махаббат аллеясында қалалық білім беру бөлімі мен денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Ер намысы» атты триатлон бойынша үш кезеңнен тұратын эстафеталық жарыс өтті. Сайысқа Өскемендегі 46 жалпы білім беру мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Еш жерде қайталамасы мен ұқсастығы жоқ триатлон жарысы біздің облыс орталығында бұнымен екінші рет өткізіліп отыр.

Салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спортпен шұғылдануға  үгіттейтін триатлон жарысы осыдан екі жыл бұрын 2016-шы жылы алғаш рет Өскеменде өткізілді. Бұндай жарыстың өтуіне ұйытқы болған қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі  бұл жарысты жыл сайын ұйымдастыруды мақсат тұтып отыр.

Жарысқа күннің суығына қарамастан келген жастар жеңіс тұғырынан көріну үшін барынша тырысты. Эстафеталық кезеңнен тұратын спорттық жарыс Махаббат аллеясынан басталып, екінші кезеңі Даңқ мемориалында жалғасты. Әр мектептен үш оқушыдан, жалпы саны 140-қа жуық спортшы қатысты. Олардың жаттықтырушылары мектеп мұғалімдері белсенділік танытты. Қарсыластарымен бақ сынасып, мектебінің намысын қорғаған Ерболдың бұл спорт түріне ден қойғанына көп болған  жоқ. Десе де, ел аралап, түрлі жарыстарға қатысып үлгерген спортшы веложарыс спортымен айналысу оңайға түспейтіндігін  айтты.

Эстафеталық жарыстың қорытындысы бойынша .үшінші орынды №45 орта мектеп, екінші орын №11 гимназия, ал бірінші орынды №35 мектеп оқушылары иеленді. Жеңіс тұғырынан көрінген оқушылардың мектеп директорларына,  мұғалімдері мен ата-аналарына алғыс хаттар жолданды

АРАЙЛЫМ НЫҒМЕТОЛЛАҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
18:09, 17 қазан 2018
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар