ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

Трамвай жолдары жөнделеді

14:10, 29 қараша 2019

Облыс орталығындағы трамвай жолдары жөнделеді. Жөндеу жұмыстары келер жылдың көктеміне жоспарланып отыр. Тозығы жеткен рельстер мен электр желілері алмстырылады. Сонымен қатар трамвай вагондары да жаңа кейіпке еніп, қоғамдық көлік қызметін пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсету деңгейі де артады. Қоғамдық тасымалды ұйымдастыратын көлік компаниясы жоспарланған жөндеу жұмыстарын 11 учаскіде жүзеге асырмақ. Басты назарда көлік ағыны көп Қазақстан көшесі. Мұнда орналасқан рельстердің әбден тозығы жеткен.  Сонымен қатар өзге де жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Жекеменшіктен коммуналдық меншікке өткен трамвай паркі екінші дем алғандай. Вагондар саны артты. Рельстер алмастырылды. Аталған көлік құралдарының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны да азайды. Ендігі мақсат көзделген өзге де ауқымды жобаларды жүзеге асыру. Негізгі бағыттар бойынша орналасқан рельстер алмастырылғаннан кейін, қосымша бағыттар қосу жағы да қарастырылуда.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар