ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

ТРАМВАЙ ЖЕЛІЛЕРІ МЕН ЖОЛДАРДЫ ЖАҢАРТУ

14:41, 28 қыркүйек 2020

Биыл Өскеменде көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірнеше ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Мызы көшесіндегі жолды қайта жаңарту, сондай-ақ Қазақстан көшесіндегі трамвай жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталуға шақ қалды. Жауапты сала мамандарының айтуынша, жаңа рельстер трамвайлардың апаттық жағдайларын болдырмауы тиіс. Жалпы, биыл 3 шақырымға жуық рельс жолдары қайта қалыпқа келтірілді. Өскемендегі трамвай жолдарының жалпы ұзындығы 29 шақырымды құрайды. Қоғамдық көліктің бұл түрімен шаһар жұртының 30%-ы қатынайды. Трамвай жолдарын қалыпқа келтіру жұмыстары биыл қарқынды түрде қолға алынды. Мәселен, Қазақстан көшесінің учаскесінде рельстер ауыстырылып, жаңа темір бетон шпалдар төселді. Жақын арада мердігерлер жол өтпелеріне асфальт жабынын төсеуге кірісуі тиіс. Трамвай паркі директорының айтуынша, 10 күн ішінде барлығы қалыпқа келеді. Алайда, тұрғындар мен қала басшысы Жақсылық Омардың пікірінше, жөндеу жұмыстары тым ұзаққа созылып барады. Өскеменде трамвай желілерінен бөлек, өзге де жолдарды жөндеу ісі қарқын алған. Мәселен, Мызы көшесінде жолдың жүру бөлігі бес жолаққа дейін кеңейтілді. Мердігер ұйым өкілдері жұмысшылар асфальттың соңғы тегістеу қабатын төсеуге кіріскенін жеткізді. Осылайша, жоспарлы жұмыстарды қазан айының біріне дейін аяқтау көзделіп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар