ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ТРАКТОР ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

14:03, 19 сәуір 2019

Ұлан ауданында жаңа трактор құрастыру зауытының салтанатты ашылуы болды. Жаңа өндіріс ошағы ауылшаруашылығы техникасы өндірісіне мамандандырылмақ. Жаңа кәсіпорынды Ұлан ауданында ашу – бірінші кезекте облыс орталығына жақындығы мен ыңғайлы логистикасы себеп болды дейді инвесторлар. Бұған қоса, ауданның шағын механизацияға сұранысы айтарлықтай жоғары. Мәселен, жақын маңда шаруа қожалықтары көптеп саналады. Инвесторлар бұл жобаға үлкен кенім артады. Болашақта өндіріс өрісін кеңейтпек ниетте.Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында ескі техниканы есептен шығарып, жаңасын сатып алу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Ал, жеке кәсіпорынның ашылуы Ұлан ауданы экономикасының дамуына септігін тигізіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етпек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар