ШҰҒЫЛ! Қалаға шығу және кіру шектелді Толығырақ

Төтенше жағдай

15:38, 16 наурыз 2020

Бүгіннен бастап Қазақстанда коронавирустың таралу қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі таңда елімізде індетті жұқтырған тоғыз адам тіркелді. Төтенше жағдай 15 сәуірге дейін созылады. Қоғамдық орындар мен мемлекеттік, стратегиялық маңызы бар нысандарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Сондай-ақ көрме, театр мен сауда орталықтары жұмысын тоқтатты. Бұқаралық іс-шаралар, жиналыстар, спорттық, отбасылық шараларға тыйым салынды.

Шығыс Қазақстанда коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 70 адам ауруханаға жатқызылған. Олардың басым көпшілігі қазіргі кезде үйлеріне жіберілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде індетті жұқтырғандар саны тіркелмеді. Өңірде ауруханаларда 500  орын, ал қажет болған жағдайда тағы қосымша 413 орын дайындалған. Сонымен қатар шамамен 600 уақытша орын да бар.  2,5 мыңнан астам төсек-орын бақылу үшін тағы қарастырылды. Барлық медициналық ұйымдар жеке бас қорғанышы құралдарымен жабдықталған. Дәрігерлер үш ауысым бойынша жұмыс істейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазір науқастарды стационарларға орналастыру уақытын барынша қысқарту шешімі қабылданды. Қазір Өскемен қаласының дәріханаларынан медициналық бетперделер табу мүмкін емес. Фармацевт мамандар барлық медициналық бетперделерді азаматтар жаппай сатып алуда дегенді айтуда. Ал кейбірі бұл тауарды 300 теңгеден сатуда деген де ақпарат бар.  Енді бірі бірнеше рет қолдануға болатынын шығарып, ол үшін 1000 теңге көлемінде қаражат сұрауда. Бірақ дәрігерлер тұрғындарға медициналық  бетперделерді жаппай сатып алудың еш қажеттігі жоғын түсіндіруде. Оны тек індетті жұқтырғандар мен ауырған адамдарға тағуға кеңес береді. Осы орайда өңірде бірнеше рет қолдануға болатын дәкеден әзірленген  миллионнан аса медициналық бетперде  шығару жұмыстары қолға алынды.Бүгінде барлық мектептегі оқушылар демалысқа, ал студенттер қашықтықтықтан білім беру жүйесіне көшті. Барлық шаралар, олимпиадалар, байқаулар мен көрмелер жұмысын тоқтатты. Облыстағы мекемелер мен ірі кәсіпорындарда және қоғамдық көліктерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Республикадағы төтенше жағдайға байланысты азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын тоқтатпайды. Шенділер мен дәрігерлер шығысқазақстандықтарды сабырлыққа шақырып, қандай да бір күдік байқалған жағдайда 1406 жедел желісіне қоңырау шалуға болатындығын ескертеді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
22:07, 3 сәуір 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
16:14, 31 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
14:15, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...