ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

ТОЛАҒАЙЛАР БЕЛДЕСТІ

12:22, 18 маусым 2018

Қазақ күресінен Ырғызбай Досханаұлы атындағы 6-ыншы халықаралық турнир сәтті аяқталды. Тарбағатай ауданы орталығы - Ақсуат ауылында басталған дода әлемдік гран-при деңгейінде өтті. 25 елдің балуандары жиналды. Олардың арасында Қазақстан, Германия, Бельгия, Чехия, Польша, Қытай, Моңғолия және өзге де мемлекеттердің спортшылары бар. Қатысушылар 80 келіге дейінгі салмақта және «түйе балуан» аталатын абсолютті салмақ санатында сынға түсті.

Қазақша күрес Азия ойындарының тізіміне енгізілгеннен кейін әлемнің түрлі елдерінде бұл спорт түріне деген қызығушылық артты. Сондықтан аталмыш турнирге қатысуға ниет білдіргендер саны да көбейген. Жарыс екінші жыл қатарынан әлемдік Гран-при деңгейінде өтті. «Әлемнің дүбірлі додаларында топ жарып жүрген түйе балуандар Ақсуатта өткен чемпионатта қазақ спортшылары ерекшеленді, осалын табу қиын»  дейді спорт ардагерлері.

ХАМИТ ЫСҚАҚОВ, СПОРТ АРДАГЕРІ:

«Мына жан-жақтан 25 мемлекеттен келіп, керемет төл өнерімізді ары қарай тартып, дүниежүзіне танытып жатқан палуандарға мың да бір рахмет айтамын. Және қазақ күресінің сондай деңгейге өскендігі басқа жерден келген мына Өзбекстанның палуандары, Белоруссияның палуандары Грузияның палуандары, одан кейін Ресейдің палуандары, Моңғолия палуандары ерекше көзге түсті де шеберліктерінің шыңдалғандарын көрсетті».

 

Қатысушылардың барлығы өз жерлерінде дзю-до, самбодан чемпиондар, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері. Жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыластарының жаурынын жерге тигізген екі қазақ балуаны ақтық сында кездесті. Бапкерден үйренген күрес тәсілдерін мейлінше қолданып, екеуі де осал емес екендіктерін көрсетті. Қуаныш Мұратов жерлесін жамбасқа лақтырып, жартылай жеңісті еншіледі. Белдесудің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда, жеңіске ұмтыла бастаған Қуаныштың қарсыласының тәсілдері нәтиже бермеді. Бас төрешінің шешімімен жеңіс тарбағатайлық балуан Қуаныш Мұратовқа бұйырды.


ҚУАНЫШ МҰРАТОВ, ЖЕҢІМПАЗ:

«Өте жақсы деңгейде болды. Соперниктердің барлығы өте жақсы дайындалып келіпті. Бәрі жақсы. Әрине, жерлестерім айқайлағанда кішкене қозып, жанкүйерлердің қолдауын сездім. Көріп отырдым бәрін».

ДІЛДӘБЕК ОРАЗБАЕВ, ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Мына соңғы кездері Тарбағатай ауданында осы қазақша күрестен өтіп жатқан турнир өте жоғары деңгейде жылдан жылға күшейіп жатыр. Оның дәлелі қазір көріп отырсыздар. Біз биыл бірінші рет мынау стадионды жөндеп, әрине, мынау үлкен облыстың әкімі берген қолдауының арқасында. Мына стадионды біз жөндеп, екі жарым мың халық көріп отыр мына жерде».

 

«Түйе балуан» абсолютті салмақ санатында күрескендердің шеберлігі елді тәнті етті. Финалда ресейлік Рустам Арсланов және бауырлас өзбек елінен келген Мухсин Хисамуддинов белдесті. Кездесудің о басында Рустам асқан шеберлік танытып, жартылай жеңіс ұпайымен алда келе жатты. Алайда, кездесудің аяқталуына 20 секунд қалғанда өзбек балуаны қарсыласына айласын асырып, алға шықты. Нәтижесінде, жеңісті Мухсин Хисамуддинов еншіледі. 80 келіге дейінгі салмақта күресіп, жеңімпаз атанған қазақ балуанына демеушілер 1 500 000 теңгенің сертификаты табыстады. Ал түйе балуан 3 000 000 теңге ұтып алды.

АРНҰР ШАКЕРХАНОВ

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар