ШҰҒЫЛ! ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР Толығырақ

ТІЛШІЛЕР - «ҰЛТТЫҚ ҰЛАН» САПЫНДА

10:51, 17 мамыр 2018

Облыстық телеарнаның 60 жылдығына орай, аймақтық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері бір күнді «Ұлттық ұлан» сапында өткізді. Тілшілер микрофондарын - қаруға, ал азаматтық киімдерін сарбаз формасына ауыстырды.

Бұқаралық ақпарат құралдары  өкілдері сарбаз болудың қыр-сырымен танысып, әскер өміріне араласты. Бірінші команда  «Макаров» тапаншасынан нысана көздеп, «Калашников» автоматын бөлшектеу мен қайта құрастырудан сынға түссе, екінші топ кедергілер алабынан өтті. 20 жасына дейін дзюдо спортымен айналысып, биік белестерді бағындырып келген Досжан Омархан үшін бұл сынақтар қиын емес. Кедергілер алабынан сүрінбей өтіп, автоматты құрастыруда ешкімге дес берген жоқ. Сондай-ақ, ол облыстық «АLTAI» телеарнасынан түлеп ұшқан жастар тарапынанмын дейді.

 

ДОСЖАН ОМАРХАН, ШҚО АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Енді жалпы «Ұлттық ұланның», оның ішінде жалпы, Қарулы Күштерінің беделін арттыруда, имиджін арттыруда жасалып жатқан бүгінгі шараның маңызы зор. Ол өте бір идеологиялық жұмыстардың бірі. Енді біз бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бұл орайда көптеген материалдар жасаудамыз. Енді бүгін максималды түрде күнделікті өмірлерін, күнделікті дайындықтарын көзімізбен көріп, өзіміздің бойымыздан өткізіп жатырмыз. Расымен де алған әсерімізбен бөлісетін болсақ өте қиын екен. Сол орайда облыстық «Алтай» телеарнасын осы мерейтойымен құттықтаймын. Шығармашылық табыс, осы сияқты креативті дүниелер көбімен болсын.

Аға лейтенат Серік Мұқанов талай республикалық әскери байқаулардың жеңімпазы. Бұл күні ол тілшілер қауымына әскери тәртіптің басты ережелерін түсіндірді. 

СЕРІК  МҰҚАНОВ, БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ:

«Журналистер өздерін жақсы көрсете білді. Әсіресе қыздар.  Шындығында өзім таңқалдым. Бірінші ретке жаман емес. Дайын жауынгерлер».

Әскери күннің соңында барлық қатысушылар үшін тәтті шай мен жауынгер ботқасы әзірленді. Тілшілердің шарадан алған әсері мол. Әрқайсысы өзін сарбаз сезініп, біртұтас команда ретінде жұмыс істеуге дағдыланды.

ДМИТРИЙ ФРАНЧУК, ФОТОТІЛШІ:

«Мені облыстық «Рудный Алтай» газетінің фототілшісі ретінде шақырды. Алғаш рет осындай ауқымды шараға қатысып отырмын. Көңілді өтті. Керемет. Бәрінен кедергілер алабы қиынға түсті. Біз кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Сондай-ақ «Алтай» телеарнасын мерекемен құттықтағым келеді».

 

Біркүндік әскери өмірге куә болған баспасөз қызметі өкілдерінің қайсыбірі кезіндегі облыстық телеарна мүшелері еді. Олар да ықыластарын білдіріп жатты.

 

БАҒДАТ АМАНГЕЛДІ,  «ШЫҒЫС» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

«Бүгін қазақ телевизиясының қара шаңырағының бірі «Алтай» телеарнасының 60 жылдығына орай «Ұлттық ұлан» өңірлік қолбасшылығы бірлесе бүгін ауқымды шара ұйымдастырып отырмыз. Яғни, бүгін журналистерді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері әскер сапына шақырып, ұлттық ұлан сапында деген қызықты шара өткізіп жатырмыз. Журналистер өздерінің біліктіліктерін, дене дайындықтарын, мергендіктерін сынайды».

Тілшілердің шарадан алған әсері мол. Әскери тақырыпта материалдарды әзірлеу ендігі журналистер үшін оңай болмақ.

 

АРНҰР ШӘКЕРХАНОВ

Тақырып бойынша материалдар

 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
18:09, 17 қазан 2018
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар