ШҰҒЫЛ! ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР Толығырақ

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ

16:05, 15 мамыр 2018

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында еліміздегі өмір сүріп жатқан халықтардың мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарайтын, үш тілді еркін меңгерген, мәдениеті жоғары тұлғаны тәрбиелеу ісіне көп мән беріледі. Егеменді ел болған алғашқы күндерден-ақ елімізде тіл саясаты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да сындарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасы үкіметтік емес ұйымдармен кездесіп, аталған бағдарламаның маңызды тұстарын ортаға салды. Сондай-ақ, басқарма үкіметтік емес ұйымдарға тіл үйрету сабақтарын бастады.

 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі” деген болатын. Елбасының айтқан сөзіне арқа сүйеген тілдерді дамыту басқармасы халық арасында мемлекеттік тілді насихаттау ісін жүйелі түрде жалғастырып келеді. Жиында Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы қазақ тілін оқыту жөніндегі «А1» деңгейлі панорамалық сабақ үлгісімен таныстырды.

АЙДЫН ШАЙМАРДАНОВ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

- Жалпы біздің кездесудің мақсаты - үкіметтік емес ұйымдардың біздің мына орындалып жатқан мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану бағдарламасына белсенді қатысуы. Өздеріңіз білесіздер, бұл мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту бірнеше кезеңнен тұрады. Бүгін біз үшінші деңгейін орындаудамыз. Ол бірнеше бағыттан тұрады. Және мемлекеттік тілді меңгерту. Ағылшын тілін меңгерту. Үш тілді білу және де өзгерістер енгізіп жатқан мына латын әліпбиін енгізу. Сондықтан бүгін біз үкіметтік емес ұйым өкілдерін шақырып, осы әңгімені пысықтайық деп отырмыз.

Сонымен қатар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма «Тілге құрмет – елге құрмет» акциясы аясында 14 мамырдан бастап «А1» деңгейі бойынша үкіметтік емес ұйым өкілдерін тегін оқытуды бастады.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
18:09, 17 қазан 2018
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар