ШҰҒЫЛ! ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ Толығырақ

ТІЛ МЕРЕКЕСІ

10:22, 13 қыркүйек 2018

Тіл мерекесі Шемонайха ауданында кеңінен аталып өтті. Бұл күні әсіресе шығысқазақстандық жастар белсенді. Атаның қаны, ананың сүтімен дарыған асыл тіліміздің мерейін өлең шумақтары арқылы асқақтатты. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырған бірқатар сала мамандары арнайы марапатқа ие болды. Мереке қатысушылары қазақ тілінде ән шырқап, Абай, Шәкәрім және өзге қазақтың ұлы ақындарының өлең шумақтарын оқыды. Сондай-ақ, облыстық тілдер басқармасының ұйымдастыруымен латын қаріптері бойынша логикалық ойындар өткізілді.

Тіл – достықтың кілті, бірліктің бастауы, ұлттың жаны, әрі ары. Ол жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, уақыт өткен сайын өрістей түскен құндылық десек артық емес. Тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамды ілгерлету мүмкін емес. Тұрғындарының ортақ ойы осы. Бұл күні Шемонаихаға Шығыс Қазақстанның 8 ауданынан түрлі диаспоралар мен этностар жиналды.

Жалпы, қыркүйек айы елімізде тіл айы болып табылады.  «Тіл – ұлттың жаны дейміз». Көп ұлтты елімізде әр ұлттың тіліне құрметпен қарайды. Және тілдерді дамытуға барлық жағдай жасалған. Сондықтан, жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан бұл шараның маңызы жоғары.

Бүгінде Шығыс Қазақстанда 105 түрлі ұлт, диаспора және этностар тату-тәтті ғұмыр кешуде. Олардың мәдениетін сақтап, өз ана тілдерін оқып-үйренуі үшін барлық жағдай жасалған. Айта кетейік, «Отанымыз ортақ, тіліміз түрлі, тілегіміз бір» атты мерекелік жиында өзге этностар қазақ тілінде ән шырқап, би биледі.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. Жыл сайын бұл мерекені Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері мен ұлыстар тойлап келеді.

АРНҰР ШАКЕРХАНОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар