ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

13:51, 15 наурыз 2019

Өскеменге жұмыс сапарымен Лондонның жетекші клиникасынан медбикелер келді. Шетелдіктер бірнеше күн облыстық аурухана жұмысымен танысып, зерттеу жүргізеді. Қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасады. Лондонның жетекші клиника медбикелері Өскеменге бірінші рет келді. Олар әріптестеріне дәрістерін оқиды. Өзара тәжірибе алмасады. Жиналған деректер негізінде медициналық мекеме жұмысын жақсарту туралы кеңестерімен бөліседі. «Шетелдік әріптестерден үйрентетін нәрселер бар» дейді оқыту жобасының қатысушылары. Шетелдік клиникаларда қолданылатын ұтымды әрі заманауи әдістердің бірі – емелушінің ауруханада болу мерзімінде мамандардан құрылған арнайы топ оның емделіп шығуына жауапты. Облыс орталығында бұндай жүйе әлі жоқ. Алдағы уақытта шетелдік әріптестер тәжірибесі негізінде «Құзіреттілік жүйесі» енгізіледі. Бұл медицина қызметкерлерін жоспарлы және үздіксіз оқытуға бағытталған.

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік тілді білу деңгейі тексерілді
13:30, 17 мамыр 2019
Мемлекеттік тілді білу деңгейі тексерілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының бәйтерегі
13:30, 15 мамыр 2019
Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының бәйтерегі
Толығырақ...