ШҰҒЫЛ! ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ Толығырақ

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

17:00, 8 қараша 2018

Өскемендік онколог дәрігерлер жаңа тәсілмен ота жасауды қолға алды. Өкпе қатерлі ісігі диагнозы қойылған үш азаматқа алғаш рет бірден күрделі ота жасалды. Осы отаны жасау үшін облыс орталығына Литваның білікті торокалды хирургы Александрас Багаевас келді. Науқастардың қазіргі жағдайы мен жаңа тәсілдің тиімділігі туралы келесі сюжетте. Литвалық профессор Александрас Багаевас Өскемен, Семей, Павлодар қалаларының онколог дәрігерлерімен кездесті. Клайпед қаласындағы университет ауруханасының торокалды хирургия бөлімінің меңгерушісі үш күн бойы жас мамандарға шеберлік сабақтарын жүргізді. Жергілікті хирургтар литвалық профессормен бірге үш науқастың өкпесіндегі ісікке күрделі ота жасады. Онколог дәрігер Әділбек Баймұсанов үш отаны литвалық әріптесімен бірге жасады. Жақында ол Лондонда біліктілігін жетілдіріп келді. Облыстық онкологиялық диспансерінің хирургы жаңа әдіс бойынша ота жасалған үш науқастың жағдайлары жақсы екенін айтты. Дәрігерлер заман талабына сай медицинаның дамуына қарамастан көптеген елдерде көкірек қуысы органдарының онкологиялық ауруы әлі күнге дейін өзекті екен айтады. Ал облыста өкпе қатерлі ісігі, тері және сүт безі қатерлі ісігінен кейін үшінші орында. Дәрігерлер қазіргі кезде облыста онкологиялық ауруларды алдын ала анықтау және сапалы ем жүргізу мүмкін екенін айтады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар