ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТӘЛІМІ

14:31, 14 желтоқсан 2018

Облыс орталығындағы мектептердің бірінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті. Дарынды балалар ұлы даланың тәуелсіздігі үшін жан арпалысқан азаматтарға құрмет білдіріп, ата-аналар мен оқытушыларына концерттік бағдарламасын тарту етті. Егемендіктің етек-жеңі еміс-еміс көрінген желтоқсан желі мен тәуелсіздіктің тұғырын нығайтқан бүгінгі Қазақстанның қанатқақты жетістіктерін жастарынан көр. «НұрОрда» мектеп-лицейінің оқушылары отансүйгіштікті от басқандай танытар талант көрсетті. Айтулы мереке қарсаңында үлгілі жетістіктерімен көрініп, халықаралық, республикалық байқауларда, олимпиадаларда жүлделі орынға ие болған оқушылар марапатталды. Мерекеге арналған концерттік бағдарламада әр оқушы өзінің шығармашылық қабілетін ортаға салды. Патриоттық әндер шырқалып, мектеп оркестрі музыкалық туындылар орындалды. Балалар сол желтоқсан ызғары сезілген жылдан қойылым қойып, тәуелсіздіктің таңын алғаш атырған ата-аналарды елжіретті. «Ел болам десең, бесігіңді түзе». Тарихын тағылымға салған «Нұрордалықтардың» ісі «бесігі түзелген» елдің белгісі болар.

Тақырып бойынша материалдар

«БЖЗҚ» АҚ ШҚОФ «Ашық есік күнін» өткізді
15:00, 25 маусым 2019
«БЖЗҚ» АҚ ШҚОФ «Ашық есік күнін» өткізді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар