ШҰҒЫЛ! Менторлық семинар Толығырақ

Темір тордағы өндіріс

14:44, 5 шілде 2019

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ОВ 156/14 мекемесіндегі жазасын өтеушілер жұмыс істейді. Семей қаласында бұл күндері сабын қайнатып,  іс тігеді. Сөйтіп,  ел қатарлы жалақы алады. Тақырыпты тілшілер сюжеті жалғастырады. Түзету мекемелерінде кәсіпке баулып, жұмыс орындарын ашу бүгінгі күні ешкімге таңсық емес. Осындай үрдіске көшкен Семей қаласындағы ОВ 156/14 мекемесінде түрлі өндіріске арналған жеке кәсіпкерлікті дамытуға жол ашылып отыр.  Жазасын өтеушілер таңғы астан соң сегіз сағаттық жұмыс орындарына барады. Мекеме аумағында кәсіп ашқан бизнес өкілдерінің тапсырысын орындайды. Еңбек – адамның табиғи, заңды өмір сүру салты. Түзеу мекемелердіндегі жұмыс  үрдісі қайта тәрбиелеудің маңызды әдісінің бірі. Жұмысшылардың кейбірі жалақысымен отбасына көмектесіп тұрады дейді мекеме басшысының орынбасары Айдын Калелов. ОВ156/14 мекемесінде 370 адам жазасын өтеуде. Олардың 85 пайызы түрлі өндірістік жұмыстармен қамтылған. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар