ШҰҒЫЛ! ҒАЖАЙЫП ТАРИХИ КЕШЕН Толығырақ

ТЕЛЕАРНА МЕРЕЙТОЙЫ

14:49, 21 мамыр 2018

Шығыстың басты арнасы - Өскемен телестудиясының 60 жылдығы атап өтілді. Қара шаңырақтан талай танымал журналистер, режиссерлар, операторлар, жарық қоюшылар, дикторлар мен тағы басқа мамандық иелері шыңдалып шықты. Бүгінде сол жолдан жаңылмаған ұжым аймақ жұртшылығын ақпаратпен қамтамасыз етуде табанды үлес қосып отыр.

 

Қазақ жерінде алғашқылардың бірі болып ашылған Шығыс Қазақстан облыстық телеарнасы алпыс жылдан бері аймақ жұртшылығын әлеуметтік, саяси, мәдени жаңалықтармен ақпараттандырып келеді. Жыл өткен сайын жанданып, технологиялар да заманауи үрдіске көшкен.

ЕРКІН МҰХАМЕДЖАНОВ, «QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

«Соңғы трендтарды ғана айтайын, біздің орталықта, корпорацияда қандай өзгерістер, мына техника жөнінен , я болмаса шығармашылық талаптардан болып жатқан өзгерістердің барлығы филиалдарда да жүзеге асады. Жүзеге асып жатыр, сондай талап қойылған. Яғни бізді бөлек бөлек емес, біртұтас деп қабылдауға болады. Сондықтан 60 жылдықтарыңыз құтты болсын».

Бұл жолғы алпыс жылдық мерейтой ардагерлерін ұлықтауымен ерекше болды.

Өңірлік телеарнаның аясын кеңітіп, материалдық-техникалық базасын да жандандырамыз дейді жергілікті билік.

ӘСЕМ НҮСІПОВА, ШҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Облыстық телеарна арқылы аймақ жұртын кеңінен ақпаратпен қамтамасыз етіп отырмыз. Аймақ жұртшылығы аса қызығушылықпен көреді бұл арнаны. Сол себепті материалдық-техникалық базасын нығайтып, замануи технологиямен бұдан да жақсы қамтамасыз ету керек».

ЕРЖАНАР ӘШЕЙХАН, «QAZAQSTAN» РТРК АҚ АЙМАҚТЫҚ ХАБАР ТАРАТУДЫ ДАМЫТУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 «АLTAI» деген қасиетті атауға ие болған телеарна. Қазір орталықтың тапсырысымен жұмыс жасап жатыр. Телевизияна аймақтық немесе республикалық деп бөлуге қарсымын. Телевизия біреу, телевизия патша көңілді көрермен ұшін жұмыс жасайды. Енді патша көңілді көрермен эфирден берілген дүниені бағалауына қарай оның мәртебесі анықталады».

 

Алпыс жылдық мерейтойды облыстық телеарнада еңбек етіп жүрген мамандар «Қазақстан РТРК» төрағасы мен облыс әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

АЙДАНА ДАЙЫРОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар