ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

ТЕКТІЛІКТІ САҚТАЙЫҚ!

12:57, 13 наурыз 2019

«Тектілікті сақтайық!». Осындай атаумен облыста айлық өтіп жатыр. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірқатар шараларды өткізді. Бұл жолы ұйымдастырушылар Өскемендегі «Ана мен бала орталығында» болашақ аналарға тектіліктің мәні мен маңызын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Қарақат Сайрамбекова жуырда екінші рет ана атанады. Жарымен бірге болашақ нәрестенің есімін ойластырып қойған. «Қазақша ат қоямыз» деп отыр. Себебі қанымыз да, тәніміз де «қазақ» дейді. Тектілікті сақтау – әр халықтың міндеті. Өзгеге еліктемей, барымызды бағалауымыз қажет. Осыны ұран еткен облыстық тілдерді дамыту басқармасы қалалық бөлімімен бірігіп, «Ана мен бала орталығында» болашақ аналармен кездесіп, дүние есігін ашатын балалардың есімдерін қазақ дәстүрінше қоюға кеңес берді. Атап өтейік, облыс бойынша жүргізген талдау нәтижесінде, Күршім, Тарбағатай, Абай аудандары балалардың есімдерін 100 пайыз қазақи мағынада қоятыны анықталған. Ақсап тұрған тек бірнеше аудан бар. Сондықтан акцияны ұйымдастырушылар айлық аясында түсіндіру жұмыстарын жалғастырмақ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
15:25, 20 наурыз 2019
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
Толығырақ...