ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

ТЕКСЕРУШІЛЕР КЕЛГЕНДЕ ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРІП КЕТТІ

18:06, 23 қыркүйек 2020

Өскеменде той тойлап жатқандар тексеру келгенде терезеден секіріп қашты. Оқиға өткен демалыс күндері болған. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері, әкімдік және полиция қызметкерлері бірлесіп рейдке шығып, карантин шектеуіне қарамастан той өтіп жатқан мейрамхананы анықтайды. Алайда есікті іштен құлыптап тастағандықтан, олар 6 сағат бойы ғимараттың ішіне кіре алмай қойған. Тек қонақтардың бірінің денсаулығы нашарлап кетіп, оқиға орнына жедел жәрдем келіп жеткенде ғана есік ашылған. Бұл уақытта даяшылар үстелді жинап, жарықты да сөндіріп үлгеріпті. Ал тығыларға тесік таппаған қонақтардың біразы есіктен шықса, қалғаны терезеден секіріп қашқан.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар