ШҰҒЫЛ! ЖАРҚ ЕТТІ ДЕ, ЖОҚ БОЛДЫ... Толығырақ

ТЕАТРДАҒЫ БІР ТҮН

14:20, 16 сәуір 2018

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында «Театрдағы бір түн» акциясы өтті. Дәстүрлі шара биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Өскемендік тұрғындар мен қала қонақтары театр сахнасындағы ғана емес, ұжымның шымылдық сыртындағы тыныс-тіршілігімен танысты. Ән айтып, түрлі көріністерге қатысып, «Бақыт қайда» атты әлемдік мюзиклдерден құралған спектакль-концертті көрді.

«Театрдағы бір түн» акциясы жыл өткен сайын халықтың қызығушылығын арттырып келеді. Облыстық драма театрдың бүкіл ұжымы келген жұртты таң қалдыруға тырысты.

 

Асыл Қозықанов, театр режиссері:

 

«Цехтарға бөлінеді бізде. Суретшілер макетпен қалай жұмыс істейді. Сахнадан бөлек осыған дейінгі процестерді көрсету біздің мақсатымыз. Халықпен етене жақын, актерлармен бір-бірімен халықтың арасындағы қарым-қатынасты одан сайын нығайту біздің бүгінгі негізгі мақсатымыз».

Үлкен өнер шаңырағында не қызықтың бәрі болды. Театр әртістері кеш қонақтарымен бірге ән шырқап, барша жұрттың жүрегін баурады.

Өнерсүйер қауым «Әдеби салонда» ақындармен шығармашылық кездесуге қатысты. Театр тарихы, саханада көрсетілетін спектакльдер мен ұжым мүшелері жөнінде сұрақ-жауап алаңында әр адам өз білімін көрсетті. Театрдағы гримерлердің көмегімен бет-бейнесін өзгертіп, бір мезгіл тарихи тұлғалар ретінде фотосуретке түсіп, қуанышқа бөленді.

Роман Айтқазин, қала тұрғыны:

«Бүгін Өскеменде үлкен той. Тойдың себебі не, театр мынадай жақсы недерін көрсетіп жатыр. Бар жерді аралатып бізге бүгін мынадай мейрам ұйымдастырды».

Тоғжан Әбдіхами, қала тұрғыны:

«Көңіл-күй керемет. Бұл жылда болатын, дәстүрге айналып кетті қазір. Ешқайсысынан қалған емеспіз осында келгеннен бері. Жалпы керемет. Тетардың жұмысшыларына, бүкіл Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының жастар театырына шығармашылық табыс тілеймін. Жасай беріңіздер, өркендей беріңіздер. Тетар жасасын».

Тетарға келген үлкен-кішінің бәрі сахналық қойылымдарға қатысып, актерлік шеберліктерін сынап көруге де мүмкіндік алды. Қызыққа толы кеш қала қонақтарының да көңілінен шықты.

Mорис Oямо, қала қонағы (Кения):

«Маған бүгін бәрі ұнады. Әсіресе қазақ труппасының өнеріне тәнті болдым. Өскемен қаласында осындай мәдени кешті өткізу дәстүрінің барына қуаныштымын. Тетар түні керемет өтіп жатыр. Бүкіл ұжымға сәттілік тілеймін».

«Театрдағы бір түн» акциясын жастар театры мен Шабыт студенттер театрының ұжымы бірлесе әзірлеген «Бақыт қайда» атты әлемдік мюзиклдерден құралған спектакль-концертті қортындылады.

Дәулет Бақытбекұлы

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар