ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Театр әлемі

14:22, 7 қазан 2019

Облыстық драма театры жаңа маусымын бастады. Бұрын-соңды болмаған бағдарлама шеңберінде қазақ, орыс труппалары мен жастар ұжымы би билеп, антураж, сахна қозғалыстарын көрсетті. Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай шығармаларынан үзінділер оқылып, ән-күйлері орындалды. Ал алдағы сенбі, жексенбі күндері қазақ труппасы драматург Қанат Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» пъесасымен сахна шымылдығын ашпақ. Бірегей шара аясында келушілер театр тынысын сезініп, бір сәт актерлер әлеміне тап болды. Сахна адамдарымен фотоға түсіп, өнерлерін тамашалады. Грим жасаумен танысты. Ұстаздар күні мерекесінде  әріптестерімен бірге өнер шаңырағына келушілердің бірі - Айнұр Жұмағұлова. 2020-жылы қазақ труппасының құрылғанына 20 жыл толады. Мерейтойға орай жыл көлемінде көптеген мәдени іс-шараларды өткізу жоспарда бар.Театрдың жаңа маусымы ашылуына орай ұйымдастырылған іс-шара аясында Абай әндері мен күйлері әуеледі.Қазақ труппасы биылғы маусымды Қанат Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» қойылымымен ашады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар