ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Тартысты жарыс

13:01, 8 тамыз 2019

Облыс орталығындағы «Алтай» алаңында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері арасында регбидан тартысқа толы жарыс өтті. Жарыс жолына Павлодар, Курчатов, Семей қалалары және сайыс қожайындары Шығыс Қазақстан облысының командалары шықты.Регби ептілік пен күшті, одан бөлек, жылдамдықты арттыруға үлкен көмегін береді. Шара барысында бәсекелестік қыза түсіп, сайыстың жоғары деңгейде өтуіне әр сарбаз өзінше үлес қосты. Аталған спорттық іс-шараны ұйымдастыруда регбиді ұжымдық спорт түрі ретінде дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың кәсіптік шеберліктерін және төрешілердің біліктілігін жоғарылату мақсаттары көзделген.Сондай-ақ, рэгбиді спорттық жарыс ретінде әскери қызметкерлер арасында ұйымдастырудың бірі сыры сарбаздардың жауынгерлік тұрғыдан жан-жақты дайындығын пысықтау.Шығыс» өңірлік қолбасшылығының спортшылары аталмыш спорт түрін дамытып, әлемдік деңгейде өнер көрсету үшін тыңғылықты дайындықтарын одан әрі жалғастырмақ.

Тақырып бойынша материалдар

2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
14:00, 23 тамыз 2019
2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар