Тапсырмалар тыңғылықты орындалуы қажет

Облыстық Дін істері басқармасының жұмысына қатаң сын айтылды.

20:52, 18 мамыр 2017   64

Қызметтің сапасына емес, санға көп мән беретін мекеме басшысына облыстық әкімдікте өткен жиында ескерту жасалды. Барлық аудан мен қала әкімдері, басқарма басшылары жиналған отырыста Ассамблеяның 2016 жылы атқарған жұмыстары тыңдалды. Жаз айында болатын өртке қарсы шаруалар да тағы бір мәрте пысықталды.
Атқарылған қыруар шаруа. Алайда, қортындысына келсеңіз, ешқандай нәтиже жоқ. Баяндама жасаған дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушының аузынан шыққан сөзден кейінгі облыс әкімі Даниал Ахметовтың қойған соңғы нүктесі бұл. Еліміздегі діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жүргізілген жұмысқа тағылған айып. Кемшілік көп, – деді өңір басшысы.

 

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24