ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Талаптыға нұр жауар

14:05, 9 қыркүйек 2019

Өскеменде Ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінде жас орындаушылардың тыңдалымы өтті. Осыған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Өскемен, Шымкент қалаларында өткен байқауға 12 мен 18 жас аралығындағы жастар қатысты. Байқаудың басты мақсаты - дарынды жастарға қолдау көрсету. Қазақстан өнерін халықаралық деңгейге көтеру. Тыңдалым үш кезең бойынша жүргізілді. 1-ші кезеңде қатысушылар фортепиано, 2-ші кезеңде үрмелі аспаптарда ойнаса,  шешу кезеңде ішекті музыкалық аспаптарда өнер көрсетті. Қазылар алқасының құрамында халықаралық деңгейдегі орындаушылар болды. Грекиядан, Италиядан арнайы келген музыканттар қатысушылар өнерін сарапқа салды. Жастайынан фортопианоның тілін меңгерген Ева Новохатская шетел класиикасын жоғары дәрежеде орындап шықты. Жанры жағынан күрделі шығармаларды орындау туралы талап қойылды.  Сондай-ақ, қатысушылар түрлі сипаттағы пьесаларды орындады. Байқау жеңімпаздар бір жыл көлемінде ай сайын 40 мың теңге  шәкіртақы алады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
13:54, 13 қыркүйек 2019
Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
Толығырақ...