ШҰҒЫЛ! Халық алдындағы есептік кездесу Толығырақ

Талап күшеюі мүмкін

18:03, 14 ақпан 2020

Дүкендерде темекі өнімдерін көзге бірден түсетін сөрелерге орналастыруға тыйым салынуы мүмкін. Бұл ұсынысты Мәжіліс депутаты Тұрғын Сыздықов Парламент палатасының отырысында мәлімдеді. Бұл туралы сатушылар мен тұтынушылардың пікірі қандай?

 «Барлық сауда нүктелерінде және көптеген қоғамдық орындарда саудагерлер темекілерді арнайы стендтерге қояды, әсіресе кассалардың жанында, баланың көз алдында. Ал, дизайны ерекше көз тартарлық болып көрінеді», - дейді депутат. Аталған мәселе темекі тұтынушылар санының азаюына септігін тигізе ме? Қала тұрғындарының пікірін білген едік. Бұл ретте Мәжіліс депутаты өзге елдердің тәжірибесіне жүгініп, бірнеше мысал келтірді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей темекі өнімдерін көзге көрінетін сөрелерден ішінара алып тастау тұтынуды 13 пайызға, ал толығымен алып тастау 23 пайызға азайтқан.  

Ал бұған қатысты сатушылардың пікірі де әртүрлі.  Айта кету керек, бұл мәселе әзірге тек депуттар тарапынан жасалған  ұсыныс ретінде қалмақ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар