ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ САТҚАН БОЙЖЕТКЕН ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІН СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫП, КӨЛІГІН ТАРТЫП АЛҒАН

13:32, 13 қаңтар 2021

Қаскөйлер Жаңа жылда Өскемен тұрғынын соққыға жығып,  «Nissan Note»  автокөлігін қолды қылған. Жәбірленушінің әйел  бірден «102»  жедел арнасына хабарласып, белгісіз біреулердің жолдасын соққыға жығып,  көлігін тартып алып кеткенін айтқан. Жергілікті полиция қызметкерлері бірден автокөлікті іздестіруге кіріскен.Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында  үш жігіт  сағат 14.00 шамасында Өскеменннің шетінде орналасқан Меновное ауылынан қала ішіне бару үшін  такси шақырған.  \\\\\ВИДО\\\\\\\Кейін  жолаушылар  одан қала шетіне  апаруды  сұраған, такси жүргізушісі  қала шетіне тасымалдаумен айналыспайтынын, ол үшін  қалааралық такси шақырулары қажет екендігін түсіндірген. Алайда,  көлікке отырғандар  айтқандарынан қайтпай, өзара сөйлесу барысында оны  бағытын  өзгертіп, діттеген жерге апаруға көндірген. Содан кейін олар Ұлан ауданының Бестерек ауылына қарай бағыт алған. «Өскемен – Самар» тасжолының бойында қаскөйлер  такси жүргізушісіне дене жарақаттарын келтіріп, көлік иесін артқы орындыққа отырғызып,  көлігін ұрлап кеткен. Оңтайлы сәтті пайдаланып, жәбірленуші  жүріп бара жатқан көліктен  сыртқа секіріп үлгерген. Содан кейін  жұбайына қоңырау шалғанАбдырап қалған  жұбайы бірден тәртіп сақшыларына хабарласқан.  ШҚО полицейлері  ұрланған автокөлікті өз иесіне қайтарды. Қазіргі уақытта  аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 3-бөлігі, 125-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
17:15, 20 қаңтар 2021
ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
Толығырақ...