ШҰҒЫЛ! Қалаға шығу және кіру шектелді Толығырақ

Такси құны шарықтады

18:09, 20 наурыз 2020

Коронавирус індетіне байланысты жұрттың үрейін пайдаланып, ақша табуды көздегендер де табылды. Отандық кәсіпкерлер қосымша табыс табудың мүмкіндіктерін қарастыра отырып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың медициналық бетперделер, антисептиктердің бағасын негізсіз көтеруде. Олармен бірге такси жүргізушілері көштен қалар емес. Қала аралық такси жүргізушілері де әр өңірге жол жүру бағасын шарықтатуда.

19 наурыз түнгі 12.00 Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі жарияланды. Таң атысымен шектеу шараларының енгізілгеніне орай екі қаланың шығатын негізгі магистралінде көлік кептелістерінің саны артқан. Жұрт мегаполистерден кетуге асыққан. Белгілі болғандай, 22 наурыздан бастап барлық шығатын жолдар жабылады. Кейбіреуі карантиндік қаладан таксимен шығуда. Себебі, індет жайлаған мына уақытта қоғамдық көліктің осы түрі қауіпсіз саналады. Сұраныстың көптігімен такси бағасы да көтерілген. Бұл жайттың анық-қанығына көз жеткізу мақсатында жолаушылар тасымалы қосымшасын пайдаландық. Мәселен, Нұр-Сұлтан – Өскемен бағытындағы такси бағасын бірнеше есеге өсіріп жіберген. Індетке дейін жол жүру құны бір жолаушыға 10-15 мың теңге болған. Өскемен қалалық такси қызметінің өкілдерінің айтуынша, бұл проблема туралы бәрі біледі. Бірақ кейбір тасымалдаушыларға олар жеке кәсіпкерлер болғандықтан ешкім әсер ете алмайды. Бағаны өздері қояды. Бұл жайтты қалыпты деп қарасақ, қала таксилеріндегі баға да мәз емес. Облыс орталығы тұрғындарының сөзіне сенсек, 2-3 апта болды такси жүргізушілері жол жүру құнын көтеруде дейді. Қазақстанда әлі күнге дейін такси саласын реттейтін заңдық тәртіп жоқ. Бағаның негізсіз өсуі мен өзге де проблемалар жөнінен жергілікті кәсіпкерлер палатасына хабарлай алады. Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың 16 наурызда халыққа телеарна арқылы жолдаған үндеуінде дүрбелең кезінде баға негізсіз көтерілмейді деген болатын. Бұған адамдар да өзара түсіністікпен қарап, пайда табу көздерін ойламаса екен.

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
22:07, 3 сәуір 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
16:14, 31 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
14:15, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...