ШҰҒЫЛ! ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ Толығырақ

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КОНЦЕРТ

17:01, 8 қараша 2018

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ардагерлері мен қызметкерлерінен құрылған ансамбль жасөспірімдер үйінде концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Концерт «1 желтоқсан – Тұңғыш президент күніне» орай ұйымдастырылуда. Екі жыл бұрын құрылған жас ансамбль облысымыздың түкпір-түкпіріндегі әлеуметтік нысандарда патриоттық сарындағы әндерімен халық арасында танылып келеді. «Ардагерлер» ансамблі 2016 жылы ардагерлер кеңесінің жанынан ашылған. Бүгінгі күнге дейін ансамбль облысымыздағы қарттар үйлерінде, шипажайларда, департаментте, мектептерде концерттік бағдарламаларын ұсынуда. Жасөспірімдер үйінде балалар үйінің 16-дан 23 жасқа дейінгі түлектері тұрады. Бүгінгі таңда олар 13 білім ордаларында, яғни, колледждер мен екі жоғарғы оқу орындарында білім алады. Қазір жастар үйінде жүз жасөспірім білім алып, өмір жолдарын анықтауда. Концерттік бағдарламаның ерекшелігі – өнерді форма киген арнайы қызметкерлердің жүректерінде ұялайтынын көрсету және адам бойындағы қасиеттің жасқа қарамай танылатынын мойындату. Бағдарлама барысында тек патриоттық әндер емес, махабат, сүйіспеншілік, бейбітшілік мазмұнындағы өлеңдер айтылды. Ардагерлер өздерінің өмірлік сабақтарын жастармен бөлісіп, оларға дайындаған арнайы сыйлықтарын тарту етті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар