ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Тағылымдама – кәсіби маман кепілі

15:17, 4 қазан 2019

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейіне қойылатын талаптар жыл сайын артып келеді. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» бастамасында стратегиялық міндеттерді орындау үшін бәсекеге қабілетті аппараттың қажет екендігін баса айтты. Аталған бастаманы жүзеге асыру мақсатында облыстық мемлекеттік қызмет істері басқармасы мемлекеттік қызметшілерге қойылған міндеттерді сауатты орындауға әрі білім деңгейін жетілдіру бойынша тағылымдамадан өту шараларын бастады. Базалық деңгейді жаңартуда 150-ге  жуық маман жұмыс орнынан тыс жерде іс-тәжірибеден өтеді. Азамат Еркіновтің  мал шаруашылығын субсидиялау және дамыту бөлімінде қызмет еткеніне бір жыл. Қызметтік құзыреттілігінде қолданатын теориялық білімін іс-тәжірибеде бекіту мақсатында «Майлы дақылдар шаруашылығы» ЖШС тағылымдамадан өткен.  Біліктілігін арттыруға бағытталған шараның мемлекеттік қызметке енді аяқ басқан маман үшін  тигізер пайдасы зор. Тағылымдамадан өтетін орынды мемлекеттік қызметшілердің өздері таңдауына мүмкіндік бар. Ал білім жетілдіру  мерзімі - 5 күннен 3 айға дейін. Соған сай жұмыс жоспары құрылады. Жалпы алғанда тағылымдама маманның кәсіби беделін арттырады. Алған білімдерін мамандар қызмет барысында қолдануға толық мүмкіндік алады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар