ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

Табиғат аясында оқытып, тәрбиелеу

13:30, 11 маусым 2019

Білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беріледі. Тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру істеріне өскелең ұрпақ жұмылдырылады. Бір сөзбен айтқанда, патриотизмнің ең жақсы үлгісі  мектептен бастау алады. «Табиғатпен оқытып тәрбиелейміз» деген ұранмен   Семейдегі облыстық балалар биологиялық орталығы экологиялық сауаттылықты арттырып, жаратылыстану ғылымына барлау жасайды. Орталық 1938-жылы зоология, геология, археология үйірмелері жұмыс жасайтын биологиялық бекет ретінде ашылған. Ол кездегі зоологиялық топтамада жануарлардың 40 түрі болды. ҰОС жылдары жұмысын уақытша тоқтатты. Ал 1946-жылдан бастап қайта жанданды. «Табиғатпен оқытып тәрбиелейміз» дейтін биологиялық бақта 57 салалық үйірме жұмыс істейді. Солардың 30-ы қазақ тілінде оқытады. Жалпы 850-ден астам оқушыны қамтиды. Орталық ішіндегі «Адалдық  алаңында» балалардың өздері  жасаған бұйымдар дүкені бар. Жиналған қаражат көмек ретінде балалар үйіне жіберіледі. Орталық саяжай аумағындағы «Бейбітшілік» аралында орналасқан. Тұрғындар бұл жерді «жұмақ алаңы» дейді. Неге десеңіздер, бұнда ерекше тыныштық орнаған. Зоологиялық топтамаға 90-дай жануар түрі әкелінген. Құстар мен аквариум балықтары бар. Көпшілігі «Қызыл кітапқа» енген. Жалпы мұндағы аң-құстың осында тап болуы әрқилы. Құстар  қанаты сынған күйінде, ал жануарлар енесінен айрылғанда, басқа да қауіп төнгенде жеткізілген. 

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері спартакиадасы
13:30, 14 маусым 2019
Медицина қызметкерлері спартакиадасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар