ШҰҒЫЛ! Қалаға шығу және кіру шектелді Толығырақ

Сыртқы рейстер шектелді

13:42, 26 наурыз 2020

Қауіпті індеттің елімізде таралуына байланысты бүгін туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов онлайн баспасөз конференция өткізді. Ол елде төтенше жағдай жарияланғалы бері көптеген турагенттіктер шығынға ұшырағандығын айтты.

Мемлекеттік шекара арқылы қатынауға шектеу еңгізілді. Елімізде коронавирустың одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында қазақстандық және шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстері қысқартылды. Бүгінгі күні елде енгізілген төтенше жағдай шеңберінде,басқарма бірінші кезекте шетелде жүрген азаматтарды отанына қайтару мәселесі  бойынша жұмыстар жүргізуде. Үкіметтік деңгейде тур коды бар барлық туристердің процесін бастау туралы шешім қабылданды. Бұл процесті қор қаражаты есебінен Қамқор корпоративтік қоры қамтамасыз етеді . Ал шет елге туристік фирма өкілдігінің көмегінсіз саяхаттап кеткендер сол мемлекеттегі елшілікке алдын ала хабарлауы керек. Төтенше жағдайға байланысты жолдамаларды жаппай қайтару кесірінен  турбизнес үлкен шығынға ұшырауда. Марат Қабақовтың айтуынша бұл жағдай ішкі туризмнің жақсаруына ықпал етуі мүмкін.

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
22:07, 3 сәуір 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
16:14, 31 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
14:15, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...