ШҰҒЫЛ! «Жүрек жылуы» жобасы Толығырақ

Сынға ілікті

15:02, 28 ақпан 2020

Облыс орталығында «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысында аймақта жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жер» тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы талқыланды.

Өткен жылы тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру мақсатында 40,3 млрд.теңге қаражат бөлінді. Ал ағымдағы жылы аталған мақсатқа республикалық бюджеттен тартылған қаражат көлемі - 32,2 млрд.теңге. Бүгінгі таңда оның 136,3 млн. игерілмеген. Сондай-ақ жиын барысында 28 шағын аудан мен Шығыс ауылы маңында басталған тұрғын үйлер құрылысы мәселесі де көтерілді. Себебі, тұрғын үйдің сапасы сын көтермейді. Ал жауапты мекемелерге олқылықтардың орнын толтыруға бір ай уақыт берілген.  Комиссия мүшелері тұрғын үй мәселесі жөніндегі проблеманы келесі жиында кеңінен талқылау жөнінде шешім қабылдады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа қаулыға қол қойылды
14:49, 23 наурыз 2020
Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа қаулыға қ...
Толығырақ...
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның онлайн отырысы
22:58, 23 наурыз 2020
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның онлайн отыр...
Толығырақ...