ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ Толығырақ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС

17:49, 28 қыркүйек 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті мен Атамекен кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Мақсат - кәсіпкерлерді құқықтық тұрғыда қорғау. Шараға аймақ бизнесмендерді мен инвесторлары қатысты. Жиынға қатысушылар көкейдегі сауалдарын қоюға мүмкіндік алды. Шараны  ұйымдастырушылар түйіткілді мәселелерді құқықтық тұрғыда шешуге кеңес берді. Ең бастысы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу. Басқосу барысында сыбайлас жемқорлық туралы заң тармақтары тарқата түсіндіріліп, оның алдын алу мәселелері қаралды. Сыбайлас жемқорлық мемлекетіміз бен демократиямызға нұқсан келтірері сөзсіз. Сондықтан, кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдағы төзімділікті қалыптастыру мақсатында алдағы уақытта тиісті жағдайлар жасау керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске барлық мемлекеттік қызметшілердің қатысуы қажет, олардың әрқайсысы тек өз іс-әрекеттері үшін ғана емес, тұтастай ұжымның жұмысы үшін де жауапты екенін сезінген жөн, - дейді сала мамандары. Шара соңында көтерілген проблемалар бойынша хаттама толтырылды. Жоғарыда аталған барлық мәселе шешімін табады деп сендірді жауаптылар.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар