ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС

18:22, 25 қыркүйек 2020

Өскеменге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері келді. Қоғамдық індетке айналған жемқорлық әрекеттерінің алдын-алу бойынша қызмет атқарып жүрген мамандар аймақтағы сала басшыларымен кездесіп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сыбайлас жемқорлық-індет, ал онымен қоғам болып күресу міндет. Аймаққа ат басын бұрған  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері облыстағы басқарма басшыларының басын қосып, арнайы жиын өткізді. Негізгі мақсат құқық бұзушылыққа жол бергендерді кісендеп, темір торға тоғыту емес, ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Себебі, қол астындағы қызметкердің заңсыз әрекетке жол беруінің салдары аталған әрекетте бірінші басшылардың қатысы болмаса да қызметтен кетуіне ұласып жатады.

Ал аталған агенттік төрағасының кеңесшісі, Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының төрайымы Ырза Тұрсынзаданың айтуынша сыбайлас жемқорлықпен күресте қоғам бірлесе әрекет етуі тиіс. Қанша жыл мұндай заңсыздыққа төздік. Ендігі уақытта оянып, сөзден іске көшетін кез келді дейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Өйткені  азаматтардың барлығы қандайда бір мәселені шешу үшін кез-келген мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасайды. Агенттік өкілдері елдің өзге өңірлерінде де аталған бағыт бойынша кездесу ұйымдастыруды жалғастырмақ.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар