ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

СУРЕТ САБАҒЫ

15:32, 21 маусым 2018

Өскемендегі ювеналды полиция қызметкерлері мен балалар көркемсурет студиясы оқушыларымен бірге ашық аспан астында бейнелеу өнері сабағын өткізді. Ішкі істер министрлігі биылғы жылды «Бақытты балалық шақ күзетінде!» деп жариялады.

«Бақытты балалық шақ деген не?». Міне, осы сұраққа жас суретшілер мен Өскемен полицейлері жауап берді. Әр баланың өз көзқарасы бар, бірі шардың суретін салса, ал енді бірі достары мен табиғат аясын бейнелеген. Алина Филиппова түрлі-түсті қарындаштармен өз отбасын бейнелепті.

АЛИНА ФИЛИППОВА, СУРЕТШІ:

«Маған бүгін сурет салуға ағатайым көмектесті. Ол әдемі формада болды. Және ол форма маған қатты ұнады. Өскенде дәл сондай болғым келеді».

Сурет сабағы балалар мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен кезекті рет өтті. Барлық суреттерді сақшылар келешекте «Біз қауіпсіз балалық шақ үшін!» атты кітапша-жинаққа топтастырмақшы. Бұл шара 23 маусым – Қазақстан полициясы қызметкерлерінің күніне орайластырылды.

 

                                                                                                                                                                        АЯУЛЫМ СМАҒҰЛОВА
 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар