Судан құтқару қызметі құрылуы мүмкін

21:45, 7 қыркүйек 2017

Облыстағы өзен мен су қоймаларында 48 кісі суға кетіп, қаза тапқан.

Бұл биылғы жылдың бар болғаны бес айының ішінде болған қайғылы жағдай. Осыған байланысты, адам өмірін аман сақтау үшін облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының мамандары арнайы қызмет тобын құруды ұсынып отыр. Олар, демалушылар өзен-көлдердің аумағында өз-өзін қалай ұстау керек екендігін түсіндіріп, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпек.

Жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Елдос Чикеновтің айтуынша суға батып, қайтыс болғандардың барлығына дерлік қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамағандар. Себептері қайғылы жағдай болған соң жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде белгілі болған. Наурыз айының соңынан тамыз айының соңына дейінгі уақытта қайтыс болған 48 адамның екеуі бас бала екен. Одан бөлек, адам өміріне қауіп төндіретін 47 жағдай тіркеліпті.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар